Өскемен қаласында 5 қазаннан бастап 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы басталады.

02.10.2026

Өскемен қаласы әкімінің орынбасарының шығ. №1318/шн-4/379о хаты негізінде 2026 жылғы 5 қазаннан бастап 2026-2027 жж жылу беру маусымының басталуы туралы «Шығыс Жылу» АҚ 01.10.2026 жылғы №390 бұйрығы бекітілді.

Жылу көзіне қосылу, барлық өткен жылдардағыдай, 5 қазаннан бастап 4 күн ішінде жылу тұтыну нысандарының техникалық дайындығын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. 

Техникалық даярлық паспорты жоқ нысандар барлық жұмыс түрлері тапсырылғаннан кейін қосылатын болады.

Қатты отын қоры - 24 431 тоннаны құрайды, бұл нормативтік қордың 44 тәулігіне сәйкес келеді.

Жылу көздеріне қосу күндері туралы ақпаратты көруге болады:

● ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинетте 

● «Шығыс Жылу» мобильді қосымшасында

● WhatsApp чатботында +7 747 942 35 56 нөмір бойынша 

● @UKTSbot Telegram чатботында  

Бүгінгі күні жылу энергиясын есепке алу аспабы және дайындық актісі бар жылу көздеріне қосылған нысандар:

● Тұрғын үйлер (көп пәтерлі): 61 

● Тұрғын үйлер (жеке сектор): 335

● Мектептер, балабақшалар және т. б. балалар мекемелері: 25

● Денсаулық сақтау нысандары: 4

● Әкімшілік және оларға теңестірілген: 33

● Әлеуметтік нысандар: 7



Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз