Жылу энергиясын өткізу бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу
Тұтынушылармен шаруашылық жүргізуші субъектілермен шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) құжаттарды ұсынған кезде тұтынушы толтыратын банктік деректемелерді, телефондарды және электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, шарт жасасуға еркін түрдегі өтініш;
2) тұтынушының тұтыну қондырғыларын қайта жаңартуға немесе кеңейтуге байланысты және бұрын қолданыста болған техникалық шарттарға сәйкес келмейтін нысанды қосуға, бұрын қосылмаған нысанның желілеріне қосуға, сыртқы жабдықтау сызбасын өзгертуге қолданыстағы техникалық шарттар (Рабочая к-сі, 6/2, тел. 701-535);
3) желілердің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі – көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (Рабочая к-сі, 6/2, тел. 701-535 мекенжайы бойынша хабарласуға болады);
4) құқық белгілейтін құжаттар-көшірмелер (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар):
-
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы құжат немесе нысанға құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлікке меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, жалға алу, жалдау, өтеусіз пайдалану шарты, несие, мүлікті сенімгерлік басқару және заңды күші бар басқа да құжаттар);
-
дербес деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісіммен меншік иесінің (меншік иелерінің) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат;
-
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе дара кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
-
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік немесе кәсіпорын салық төлеуші болып табылмайтыны және салық есебінде тұрмайтыны туралы өтініш;
-
кәсіпорынның жарғысы немесе соңғы жылы жарғыға өзгерістер енгізілмегені туралы анықтама;
-
банк деректемелері
5) түгендеу ісі (техникалық паспорт) немесе «Шығыс Жылу» АҚ келіскен жоба.
6) мемлекеттік мекемелер үшін-151 ерекшелік бойынша қаржыландыру жоспарынан ай бойынша бөлініп және бюджеттік сыныптамалар кодының (ББК) толық жазылуымен үзінді көшірме.


















