Құрметті тұтынушы!
ҚР "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 09.07.1998 ж. №272-1 Заңына сәйкес реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері тұтынушыларға реттелетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға, ал реттелетін коммуналдық қызметтерді тұтынушыларда реттелетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары болуға, жасалған шарттардың талаптарына сәйкес коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша реттелетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге міндетті.Жылу энергиясын есептеу аспабы - жылу энергиясының мөлшерін анықтауға және жылу тасымалдағыштың массасы мен параметрлерін өлшеуге арналған аспап немесе аспаптар жиынтығы (жылу есептегіш) болып табылады. Аспап ғимараттың жылу кірісіне орнатылады және екі шығын өлшегіштен, екі термиялық түрлендіргіштен, жылу есептегіштен, бекіту арматурасынан, GSM –модемнен, монтаждау бөліктерінің жиынтығынан тұрады.
Орнатқаннан кейін тұтынушылардың мүмкіндігі бар:
- жылу тасымалдағыштың шығынын азайту арқылы жылу энергиясын үнемдеуге;
- сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу беру кезеңінің ұзақтығын реттеуге (үй ішіндегі жылу беру жүйесін ертерек қосуға және кейінірек өшіруге немесе керісінше).
Жылу беру маусымы 1 қыркүйектен басталып, техникалық дайындығы болған жағдайда жылу шаруашылығына жауапты тұлғаның өтініші бойынша 25 мамырға дейін ұзартылуы мүмкін.
Біздің порталда Сіз көрсеткіштерді орнату, тексеру және беру нұсқаларымен таныса аласыз.