«Шығыс Жылу» акционерлік қоғамы – өңірлік компания болып табылады, Шығыс Қазақстан облысында жылу және электр энергиясын өндіруді; жылу энергиясын жеткізуді, таратуды және тұтынушылар мен шаруашылық субъектілерін жылумен қамтамасыз етуді жүзеге асырады (бұдан әрі – Кәсіпорын).
«Шығыс Жылу» АҚ-ның басым мақсаттары – энергия ресурстарын тиімді басқару арқылы Тұтынушылардың қанағаттануын арттыру, қоршаған ортаны қорғау, жұмысты қауіпсіз орындау, қызметкерлер мен басқа да мүдделі тараптардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді жою.
2008 жылдан бастап «Шығыс Жылу» АҚ-да интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізілген және жұмыс істейді, оған мыналар кіреді:
-
ISO 9001 талаптарына сай сапа менеджменті жүйесі;
-
ISO 14001 талаптарына сай экологиялық менеджмент жүйесі;
-
ISO 45001 талаптарына сай еңбекті қорғау және қауіпсіздік менеджменті жүйесі;
-
ISO 50001 талаптарына сай энергетикалық менеджмент жүйесі.
Интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) шеңберінде «Шығыс Жылу» АҚ-да сапа, энергиямен басқару, экология, денсаулық сақтау және еңбекті қорғау салаларындағы интеграцияланған саясат қабылданған; жыл сайын мақсаттар мен міндеттер қойылады; ISO 9001, ISO 50001, ISO 14001 және ISO 45001 стандарттарының талаптарына жауап беретін үдерістер мен тиісті ресурстардың үздіксіз басқарылуы қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорын қызметкерлері үздіксіз жетілдіру үдерісіне белсенді қатысады және көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті құзыреттілік деңгейін сақтайды, бұл Тұтынушылардың үмітін ақтауға бағытталған.
Кәсіпорынның жоғары басшылығы интеграцияланған менеджмент жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және оны үнемі жетілдіруге міндеттеме алады.