Техникалық шарттарды беру

Жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттарды алу тәртібі

Жаңа жылу энергиясын тұтынушыларды орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосу үшін немесе бұрын қосылған нысандарда жылу жүктемесі ұлғайған кезде, ғимаратты жаңарту кезінде тұтынушыға жылу желілеріне қосылуға рұқсат алу қажет. Мұндай рұқсат «Шығыс Жылу» АҚ беретін Өскемен қаласы, Риддер қаласы, Катонқарағай ауылы, Таврия ауылы бойынша техникалық шарттар болып табылады.

1.       Техникалық шарттардың жіктелуі

1.1.    Техникалық шарттар келесі жағдайларда беріледі:

  • жаңадан енгізілетін нысандардың жылу желілеріне қосылу жағдайы;

  • тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларын қайта жаңартуға немесе кеңейтуге байланысты және қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін тұтынылатын жылу энергиясы мөлшерінің (немесе жылу тасымалдағыш параметрлерінің) өзгеруі;

  • бұрын қосылмаған нысанның жылу желілеріне қосылу шарты;

  • сыртқы жылумен жабдықтау сызбасының өзгеруі.

2.       Техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдау:

2.1. Табиғи монополиялар субъектісінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға өтініштерді қабылдау және оны қарау электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінің сервисі (https://gov.ggk.kz) арқылы жүзеге асырылады. 

«Шығыс Жылу» АҚ сайтының ресми парағының көмегімен (https://ukteplo.kz/) «Цифрландыру жобалары» қойындысында немесе «Тұтынушыларға» - «Техникалық шарттар беру» қойындысында Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (https://gov.ggk.kz) порталының бетіне жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттарды алуға сұрау салу үшін үйден шықпай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба қою арқылы өтуге болады.

3.       Техникалық шарттарды алуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

1.       Меншік құқығын растайтын құжаттар (көшірмесі);

2.       Алдын ала жүктемелерді есептеу (жылыту, желдету, ыстық сумен жабдықтау), Гкал/сағ;

3.       Дара кәсіпкерді тіркеу куәлігі – шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін (ЖК, адвокат, нотариус, ТЖК), (қажет болған жағдайда көшірмесі);

4.       Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік немесе анықтама (БСН) – барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар үшін (қажет болған жағдайда көшірмесі);

5.       Өкіл өтініш берген кезде-өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар (қажет болған жағдайда сенімхат);

6.       Жеке жылу желілері иесінің (Е) тұтынушылардың жеке жылу желілері желілеріне қосылуға жазбаша рұқсаты(келісімі) (қажет болған жағдайда).

3.1. Қолданыстағы нысандарды қайта жаңарту немесе кеңейту кезінде-табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының 223-тармағына сәйкес енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, жылумен жабдықтауға арналған жоба (тұтынушының тұтынатын жылу энергиясының мөлшерін немесе жылу тасымалдағыштың параметрлерін өзгертуді талап ететін жылу тұтыну қондырғыларын қайта жаңарту немесе кеңейту кезінде).

4. Жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттарды алу, жылумен жабдықтауға техникалық шарттарды қарау және дайындау мәселесі бойынша консультацияларды «Шығыс Жылу» АҚ жылу энергиясын беру департаменті дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін, мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Өскемен қ., Рабочая к-сі, 6/2, кабинет 210, байланыс телефоны 8 (7232) 701-535.

5. ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24-бабының 11-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған өтініштер белгіленген мерзімдер ішінде, оны қарау қорытындылары бойынша табиғи монополия субъектісі қаралады:

1) техникалық шарттарды береді;

2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.

6. Техникалық шарттарды дайындау және беру

Объектілерді жылу желілеріне қосудың техникалық шарттары жылу көздерінің қуат резервін талдау негізінде және «Шығыс Жылу» АҚ, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС жылу көздерінің қуат резерві болған кезде, жылу желілерінің өткізу қабілеттілігінің болуы және қолданыстағы бұрын қосылған жылу тұтыну объектілерінде қанағаттанарлық гидравликалық режим сақталған кезде дайындалады.

7. Техникалық шарттарды алуға өтініштерді қарау мерзімдері

Табиғи монополия субъектісінің жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттар беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған өтініш мерзімдер ішінде қаралады:

1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін - бес жұмыс күні ішінде;

2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін - он жұмыс күні ішінде.

8. Техникалық шарттарды беруден бас тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:

1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті табиғи монополия субъектісі желілерінің бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, өткізу қабілеттерінің болмауы;

2) табиғи монополия субъектісі желілерінің немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүліктің болмауы.

8.1. Жылу көзінде бос қолда бар қуаттардың болмауы және табиғи монополия субъектісінің немесе өзге мүліктің жылу желілерінің болмауы жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттар беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

8.2. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, «Шығыс Жылу» АҚ өтініш берушіге жылумен жабдықтауға техникалық шарттар беру мүмкін остігі туралы дәлелді жауап дайындайды.

9. Ведомстволық жылу желілеріне қосылудың техникалық шарттары жылу желілері иесінің жазбаша келісімі берілген жағдайда ғана беріледі.

10. Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін ақы алынбайды.

11. Тұтынушылардың барлық санаттары үшін техникалық шарттарды беру тәртібі бірдей.

12. Техникалық шарттардың қолданылу мерзімі

Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар үш жыл мерзімге беріледі және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде ұсынылады.

Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда құрылыс кезеңіне ұзартылады.

Құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда берілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін техникалық шарттар жарамсыз болып есептеледі.

13. Техникалық шарттарды өзгерту

Техникалық шарттарды өзгерту үшін Тапсырыс беруші Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы (https://gov.ggk.kz) өзгерістер енгізу себебін (жылу желілеріне қосылу нүктесінің өзгеруі, жылу жүктемесінің шамасы, қабаттылық, объектінің мақсаты, жылу тұтыну жүйелерін қосу схемасы және т.б.) көрсететін өтінім береді.

14. Нысанның иесі ауысқан жағдайда, жаңа меншік иесі меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде иесінің ауысқаны туралы «Шығыс Жылу» АҚ-на жазбаша нысанда хабарлайды.

Бұған дейін берілген техникалық шарттар меншік иесі немесе мүлік иесі ауысқан кезде қайта ресімделмейді.

 

 

Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз