19.11.2025
43 жыл - бұл жай ғана жылдар емес - бұл ұлы жолдың тарихы: әр үйде жылу мен жайлылық орнау үшін аянбай тер төгу, үздіксіз даму және сапалы қызмет көрсету жолы. Кәсіпорынның ең басты құндылығы тұтынушылар болып табылады. Күн сайын, кез-келген маусымда және кезеңде, күндіз-түні қаланы жылумен үздіксіз қамтамасыз етіп, жүйелердің сенімділігі мен тұтынушылардың қауіпсіздігіне қамқорлық жасап келеді. Бүгінгі таңда «Шығыс Жылу» АҚ -дамуын жалғастырып, жаңа технологияларды енгізіп, жылумен жабдықтау географиясын кеңейтіп келе жатқан заманауи кәсіпорын. Биыл кәсіпорынның құрамына тағы екі елді мекенді жылумен жабдықтаудың жаңа нысандары енді, бұл біздің жауапкершілік пен қамқорлық аймағымыз одан да кеңейгенін білдіреді. Айтулы мерекеге орай тер төгіп, елеулі үлестерін қосып отырған қажырлы да қайратты мекеменің қызметкерлеріне зор алғысымызды білдңреміз. Сіздердің кәсібилігіңіздің, жауапкершілігіңіздің және ұйымшылдығыңыздың арқасында кәсіпорын сенімді түрде алға қадам басуда. Төл мерекең құтты болсын, "Шығыс Жылу" АҚ!

















