Құрметті тұтынушылар!

09.10.2026

Құрметті тұтынушылар!

«Шығыс Жылу» АҚ-ға байланыссыз себептерге орай, WhatsApp чат-боты арқылы ыстық су есептегіш құралдарының көрсеткіштерін қабылдау тоқтатылғанын хабарлаймыз.

Сіздерге қолайлы болуы үшін жеке және заңды тұлғаларға арналған көрсеткіш тапсырудың баламалы жолдарын ұсынамыз:

1. Telegram чат-боты арқылы @UKTSbot

2. «Шығыс Жылу» АҚ мобильді қосымшасы арқылы
Қосымшаны Google Play және App Store платформаларынан жүктеп алуға болады.
3. Сайттағы жеке кабинет арқылы www.ukteplo.kz

4. +7 702 224 24 80 нөміріне SMS-хабарлама арқылы
Хабарлама форматы: *жеке шот (9 цифр) немесе мекенжай# №1 ыстық су есептегішінің соңғы көрсеткіші# №2 ыстық су есептегішінің соңғы көрсеткіші#.

5. Электрондық пошта арқылы ukts.sms@mail.ru мекенжайына жеке шотты, мекенжайды және есептегіштің соңғы көрсеткіштерін жазып хат жолдаңыз. Жауап ретінде берілген көрсеткіштер бойынша алдын ала есептелген сома туралы ақпарат келеді.

6. 560-900 нөміріндегі тәулік бойы жұмыс істейтін дауыстық пошта арқылы
Байланыс орталығына қоңырау шалыңыз. Дыбыстық сигналдан кейін мекенжайыңызды, аты-жөніңізді, байланыс нөміріңізді және есептегіштің соңғы көрсеткіштерін қалдырыңыз.

7. Дербес қызмет көрсету орталығына келу арқылы
Көрсеткіштерді «Шығыс Жылу» АҚ операторына мына мекенжайлар бойынша тапсыра аласыз:
• М. Горький көш., 61;
• «БЭСК» АҚ, Қазыбек би көш., 1/2 (2-қабат);
• «Таза-Өскемен» ШЖҚ КМК, Б. Шаяхметов көш., 13А (абоненттер бөлімі).
Сонымен қатар бланкіні толтырып, «Жеке есептегіш құралдарының көрсеткіштері үшін» арнайы жәшігіне қалдыруға болады.

8. Қазпошта бөлімшелері арқылы
Жеке тұлғалар жылу энергиясы үшін төлем жасау кезінде кассирге ыстық су есептегішінің көрсеткішін хабарлай алады.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз