03.12.2025
Құрметті тұтынушылар!«Шығыс Жылу» АҚ хабарлайды:
Қосылған құн салығының мөлшерлемесін 12% - дан 16-ға дейін арттыру бөлігінде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап ҚҚС-пен тарифтердің мөлшері:
ЖҮЕА бар халыққа – 4 224,48 теңге/Гкал, ЖҮЕА жоқ болса - 5 935,62 теңге/Гкал; ЕА орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ - 4 946,34 теңге/Гкал белгілеу.
ЖҮЕА бар бюджеттік ұйымдарға - 33 704,45 теңге/Гкал, ЖҮЕА - 51 580,33 теңге/Гкал; ЕА орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ - 34 386,89 теңге/Гкал белгілеу.
ЖҮЕА бар басқа тұтынушыларға – 14 955,37 теңге/Гкал, ЖҮЕА жоқ болса - 20 156,87 теңге/Гкал; ЕА орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ – 15 505,28 теңге/Гкал белгілеу.
2026 жылғы 01 қаңтардан бастап жеке тұлғалар үшін ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін ҚҚС-пен төлемақы мөлшері:
- ЖҮЕА жоқ тұлғалар үшін - 1 092,15 теңге/адам/ай,
- ЖҮЕА бар тұлғалар үшін - 417,28 теңге / м3.
- ескі үйлерде тұратын және жеке есептеу аспаптары жоқ тұлғалар үшін - 910,12 теңге/адам/ай,
- ескі үйлерде тұратын және жеке есептеу аспаптары бар тұлғалар үшін - 347,73 теңге/м3.
Егер ЖҮЕА болса, әр есеп айырысу кезеңінде және әр үй үшін ыстық сумен жабдықтау және жылыту қызметтерінің құны әр түрлі болады және ЖҮЕА-тың нақты көрсеткіштеріне байланысты болады.


















