Техникалық шарттарды беру

Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне жаңа тұтынушыларды қосу немесе объектілердегі қосылған жылу жүктемесін арттыру кезінде, сондай-ақ ғимаратты қайта құру жұмыстарын жүргізу барысында тұтынушы жылу желілеріне қосылуға рұқсат алуы қажет. Мұндай рұқсат техникалық шарттар болып табылады, оларды «Шығыс Жылу» АҚ береді. Техникалық шарттарды алу үшін келесі мекенжайға жүгіну қажет: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Рабочая көшесі, 6/2, 210-кабинет.

«Шығыс Жылу» АҚ Сізге келесіні хабарлайды: қазіргі уақытта «УК ТЭЦ» ЖШС жылу көздерінің (Ульбинский, Октябрь ауданы, КШТ ш.а.), №2 қазандық (КШТ ш.а., Куленов кенті, Ульбинский кенті және 19 тұрғын ауданы), №5 қазандық (Ново-Ахмирово ш.а.), №6 қазандық (Меновное кенті) тарапынан жылу энергиясының тапшылығына байланысты техникалық шарттарды (бұдан әрі – ТШ) беру уақытша тоқтатылған.

30.06.2024 ж. жағдай бойынша қосылған жүктемелер мен бұрын берілген техникалық шарттарды ескере отырып жылу көздерінің қуаты бойынша жүргізілген талдау нәтижесі жылу энергиясының тапшылығын көрсетіп отыр.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 24-бабының 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Шығыс Жылу» АҚ – энергия беруші ұйым ретінде реттелетін қызмет көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттардың, жұмыс істеп тұрған жабдықтардың бос резервтерінің болмауына байланысты техникалық шарттарды беруден бас тартуға құқылы.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 2-бөлімінің 6-тармағына сәйкес, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес тұтынушыларды сапалы жылу энергиясымен қамтамасыз етуге техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйелеріне қосу жүзеге асырылмайды.

Кеңес алу үшін келесі телефон нөміріне хабарласуыңызға болады: 8 (7232) 701-535.

Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз