Қызметі

«Шығыс Жылу» АҚ Қазақстан Республикасындағы табиғи монополия субъектісі және квазимемлекеттік сектор ретінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырады. Сатып алу рәсімдерінің барлығы www.goszakup.gov.kz ресми мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде жүргізіледі, бұл барлық әлеуетті жеткізушілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз етеді.

Біз тұтынушыларымызбен теңдік пен адал бәсекелестік қағидаттарын сақтай отырып, ашық және адал ынтымақтастыққа ұмтыламыз, .

05.11.2026

Қайта өткізілетін тендер нысанындағы сауданы өткізу туралы хабарландыру:


  • «Шығыс Жылу» акционерлік қоғамы келесі мүлікті сатуға арналған тендер нысанында сауда-саттық жариялайды:


түг. №

Нысанның атауы

Сатудың ең төменгі бағасы, теңге

00002519

ҚР, ШҚО, Өскемен қ., Михаэлис к-сі, 11 мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 105,3 ш. м. жылжымайтын мүлік объектісі (тұрғын емес үй-жай). (кадастрлық нөмір 05:085:051:062:6/А), РКА 020130016497009)

50 015 000

2. Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу орны: Өскемен қ., М. Горький к-сі, 61, каб. № 208 2026 жылғы «16» қараша сағат 16.00-ге дейін. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және 2026 жылғы ««16» қараша сағат 16.00-де аяқталады. Ұсыныстарды беру мерзімдерін бұзу мерзімін өткізіп алған адамды тендерге қатысушылар қатарынан шығаруға әкеп соғады.

3. Тендерді өткізу күні, орны және уақыты: Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 61, конференц-зал 2026 жылғы «17» қараша сағат 09.30.

4. Сауда-саттық нысаны мен әдісі – тендер, сату объектісін сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсынысты Сатып алушы жабық конвертте береді;

5. Тендерге қатысушылардың кепілдік жарнасы лот сомасының 1%-и құрайды және лотқа жеке қолма-қол ақшамен «Шығыс Жылу» АҚ кассасына енгізіледі не «Шығыс Жылу» АҚ банктік шотында орналастырылады: ЖСК KZ6494809KZT22031742 «Еуразиялық банк» АҚ Өскемен қаласында БСК EURIKZKA, БСН 970340000020

Кепілдік жарнаны Сатушы қайтармайды:

- Жеңімпазға-ол сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;

- Сатып алушыға - ол орындалмаған немесе сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер тиісінше орындалмаған жағдайда.

6. Сатушының орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 61, тел. / факс +7 (7232) 269543

7. Сату нысаны және тендер өткізу тәртібі туралы ақпарат алу тәсілдері: «Шығыс Жылу» АҚ заңгер кеңесшісі А. Т. Мұқановадан: 701-722 іш. 5354, +7-705-521-68-23 тел. арқылы біле аласыз.

8. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды ұсыну қажет:

- тендерге қатысуға өтінім. Өтінім нысанын 7-тармақта хабарландырулар көрсетілген тұлғадан алуға болады;

- паспорт немесе өзге де жеке басты куәландыратын құжат (ЖСН);

- өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

- сату нысанын сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсыныс (жабық конвертте беріледі);

- кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын құжат;

- байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, эл. пошта);

Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары қосымша заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің немесе тіркелген заңды тұлға туралы анықтаманың (БСН) көшірмесін ұсынады.

9. Сауда-саттықты өткізу тәртібі, сауда-саттықтың жеңімпазын айқындау шарттары және мәмілені ресімдеу:

Комиссия ұсынысы сату нысаны үшін ең жоғары бағаны қамтитын қатысушыны тендердің жеңімпазы деп жариялайды. Егер екі және одан да көп қатысушылардың ұсыныстары бірдей бағаны қамтыса, онда өтінімі басқа қатысушылардың өтінімдерінен бұрын қабылданған, ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.

Комиссия тендерді коммерциялық ұсынысы бар конверттер ашылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылайды. Тендер нәтижелері тендер нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы және тендер аяқталғаннан кейін Комиссияның барлық мүшелері және сауда-саттық өткізілетін күні жеңімпаз қол қояды.

Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер нәтижелерін және жеңімпаз бен Сатушының сату нысанын сатып алу-сату шартын жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Жеңімпаз тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей сатып алу-сату шартын жасасуға міндетті.

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Салық кодексінің 667-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қалалық жерде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шартты куәландырғаны үшін, егер Тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса, 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.




Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз