Жаңабай Тукенұлы Кушкунов еңбек адамы

18.09.2023


WhatsApp Image 2023-09-18 at 09.54.55.jpeg

Жаңабай Төкенұлы Кушкунов, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ жүк көлігінің жүргізушісі – мол тәжірибесі мен жан-жақты өндірістік біліктілігі бар кәсіпқой болып табылады.

Жаңабай Төкенұлы Кәсіпорында еңбек ету барысында өзін өте білімді, іскер және бастамашыл қызметкер ретінде танытты. Мінсіз қызметі мен қатаң тәртібі ешқандай тәртіп бұзушылықтарға орын қалдырмайды. Өз ісіне әрқашан үлкен жауапкершілікпен және адалдықпен қарайды, бұл қасиеттері оны жас мамандардың алдында үлгілі етіп, жоғары мәртебеге ие болуға мүмкіндік береді.

Алайда, оның кәсіпорынға қосқан үлесі тек қана жүргізушінің міндеттерімен шектелмейді. Жаңабай Төкенұлы өзіне бекітілген техника мен жабдыққа әрқашан қамқорлықпен қарап, ұқыптылықпен баптап ұстайды. Оған жаңа КАМАЗ самосвал автокөлігі бөлінді, ол оны өзінің жеке көлігі сияқты мұқият қадағалайды. Көмір, қож, топырақ және қоқысты қоса алғанда, тасымалданатын жүктердің алуан түрлілігіне қарамастан, КАМАЗ әрдайым мінсіз күйде және техникалық жағынан жақсы жағдайда ұсталады.

Кәсіпорында қызмет еткен жылдары Жаңабай Төкенұлы кәсіпорын әкімшілігі тарапынан алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталып, өз мамандығы бойынша үздік деп танылды