Кәсіпорын саясаты

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның сапа, энергия менеджменті, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы біріктірілген Саясаты.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ Өскемен қаласының тұрғындары мен шаруашылық жүргізуші субъектілеріне жылу энергиясын өндіруді және таратуды, қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның басым мақсаты жоғары үнемділік пен өндірістің беріктігі есебінен біздің Тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыру, энергия ресурстарын тиімді басқару есебінен жылу энергиясын табыстау, қолайлы қоршаған ортаны сақтау, жұмыстарды қауіпсіз орындау, жұмысшылардың және басқа да мүдделі тараптардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп-қатерді жою болып табылады. 

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның басшылығы мынадай міндеттемелер туралы мәлімдейді: 
1) Жылу энергиясының сенімді жеткізушісі болуды, келісім-шарттық міндеттемелерді сақтауды, өйткені біз Кәсіпорынның жетістігінің негізі біздің Тұтынушылармен ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынас орнату және оны сақтау деп білеміз; 
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін және жылу энергиясын үздіксіз және қауіпсіз өндіру және таратуды қамтамасыз ету бойынша басқа да талаптарды орындауды; 
3) Тұтынушылардың талаптарын, заңнамаларды және әлеуметтік-экономикалық стратегияны ескере отырып, жылу энергиясын өндіруді жән жеткізіп беруді дамытуды; 
4) Қызметтің барлық процестерінде табиғи және энергетикалық қорларды тиімді пайдалануды; 
5) Жабдықтардың жұмысының сенімділігі мен тиімділігін оны жаңалау және өндірістік процесті автоматтандыру есебінен арттыруды, жабдықтарды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді энергиялық тиімділік және энергияны үнемділікті есепке ала отырып сатып алуды жүзеге асыруды; 
6) Кәсіпорынның әрбір жұмысшысын қызметін үздіксіз жақсартуға тартуды және Тұтынушының сенімін ақтау үшін жоғары сапа мен көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талап етілетін біліктілікті қолдауды; 
7) Қызметтерді үздіксіз басқару және процес ретіндегі тиісті ресурстарды ISO 9001, ISO 50001, ISO 14001 және ISO 45001 стандарттарының талаптарына сәйкес ұйымдастыруды және қолдауды; 
8) Кәсіпорын қызметінің тиімділігін инновациялық қызметті жетілдіру және сапа менеджменті жүйелерінің нәтижелілігін жақсарту, энергия менеджментінің, экологиялық менеджменттің және денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету есебінен үздіксіз арттыруды; 
9) Тәуекелдерді төмендету және штаттан тыс оқиғалармен, жарақаттанумен, қоршаған ортаға жағымсыз әсерлермен, барлық мүдделі тараптардың денсаулығымен байланысты болатын кауіп-қатердің алдын алуды; 
10) Сапа менеджменті жүйелерін, энергия менеджменті, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді олардың Коғамның үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында талдау жасауды; 
11) Мердігерлік ұйымдардың өкілдерін сапа, энергия менеджменті, экология, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормалармен және талаптармен таныстыруды мәлімдейді. 
12) Қызметкерлермен және жұртшылықпен кәсіпорынның сапа, энергия менеджменті, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі туралы ашық диалогын қолдауды. 
Өзінің жұмысын орындау кезінде Кәсіпорынның әрбір қызметкері өзі біліктілігі шеңберінде Саясатты жүзеге асыру үшін, өзінің қауіпсіздігі және өзінің әріптестері мен тұрғындар үшін, экологиялық нормалар және энергетикалық ресурстарды үнемдеу үшін жеке жауапкершілікте болатынын түсінуі қажет. 

Кәсіпорынның жоғарғы басшылығы Саясатты орындау, жұмысқа қабілеттілікті қолдау және менеджменттің қарқында жүйесін жақсарту бойынша міндеттемелерді өзіне жүктейді және барлық қажетті ресурстарды ұсынуға міндеттенеді.

Кәсіпорын саясаты (1.11 Mb)

Тең мүмкіндіктер саясаты (0.92 Mb)