Өскемен қаласының бюджеттік ұйымдарының тарифті түзетуі туралы ақпарат

03.10.2023

«ӨСКЕМЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ» АҚ

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 қаңтарға дейінгі 26.06.2023 ж. № 96-НҚ бұйрығы және оған 2.10.2023 жылғы № 176-НҚ өзгерістерінің негізінде  реттеліп көрсетілетін қызметтерге жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (бұдан әрі - ЖҮЕА) болуына немесе болмауына байланысты «Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі – «ӨЖЖ» АҚ) (ҚҚС-сыз) көрсететін жылу энергиясымен жабдықтауға мынадай сараланған тарифтер бекітілгенін тұтынушылардың назарына жеткізеді:

ЖҮЕА жоқ  бюджеттік ұйымдар үшін  - 34 944,29 теңге/Гкал, ЖҮЕА бар – 22 354,34 теңге / Гкал, тозған ескі үй-жайларда орналасқан ғимараттар үшін  - 23 296,20 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);