Өскемен қаласында жылу беру маусымы 2023 жылғы 2 қазаннан басталады

29.09.2023

Құрметті тұтынушылар!

«Өскемен жылу жүйелері»  АҚ 2023 жылдың 2 қазанынан бастап Өскемен қаласында жылу беру маусымының басталуы жарияланатыны туралы хабарлайды

Жылу беру  жүйесіне қосылу, өткен жылдардағыдай, жылу тұтыну нысандарының техникалық дайындығын ескере отырып, 2 қазаннан бастап 4 күн ішінде кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Техникалық дайындығын растайтын төлқұжаты жоқ нысандар жылу қосуға дайындықтың барлық жұмыс түрлерін тапсырғаннан кейін ғана жылуға қосылады.

Сондай-ақ, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдары мен техникалық дайындығын растайтын төлқұжаты бар үйлердің төмендегідей мүмкіндіктері бар:
- жылуға мерзімінен ерте қосылу мүмкіндігі
- үйішілік жылу жүйесін мерзімінен кеш өшіру мүмкіндігі