Дамир Асқарұлы Аренов – нағыз еңбек адамы.

20.09.2023

WhatsApp Image 2023-09-20 at 11.16.45.jpeg
Дамир Асқарұлы Аренов - Сол жағалау ауданының электр-газ дәнекерлеушісі. Ол өзінің адалдығы мен кәсіби шеберлігімен кәсіпорында өшпес із қалдырған қызметкер.

Дамир- әрдайым бастамашыл, жауапкершілігі мол және іскер қызметкер. Оның жабдықты жөндеу және дәнекерлеу технологиясы туралы терең білімі кәсіпорынның құнды активіне бағаланады. Еңбек ету барысында ақауларды жоюға, жылу желілерінде жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарды орындауға жауапкершілікпен қарайды.

 СЖАЖЖ учаскесінің қызметіне байланысты мәселелерді тиімді шешу қабілеті оны сенімді және жауапты қызметкер етеді.

 Дамир Асқарұлының ерекше қасиеттері тек кәсіби дағдылармен шектелмейді. Дамир ұжымда әріптестеріне құрметпен қарым қатынаста, сондай-ақ өз бригадасының мүшелерін жақсы нәтижелерге қол жеткізуге шабыттандырады. Оның ұжымға деген ілтипаты мен силастығы және жаңа қызметкерлерге тәлімгер болу қабілеті оны кәсіпқой ғана емес, сонымен қатар команданың құнды мүшесі ретінде танытады.

Кәсіпорында қызмет атқару барысында Дамир Асқарұлы кәсіпорын басшылығымен дипломдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Дамир Асқарұлының СЖАЖЖ учаскесінің жұмысына қосқан үлесі мен жеке адамгершілік қасиеттері біздің кәсіпорын үшін үлкен мәртебе болып табылады.