Алдын ала есептеу

19.09.2023

Көптеген тұтынушылардың тілектері бойынша «Өскемен жылу жүйелері» АҚ қызметкерлері 2023 жылдың қыркүйегінде ағымдағы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында жылу беру және ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін алдын ала есептеуді көрсете отырып, ақпараттық парақтарды таратуды жүзеге асырады.
Айта кету керек, ақпарат мәліметтер үшін берілген және есептелу алдын-ала болып табылады, сәйкесінше, сомалар есептік айдағы есептеу құралдарынан нақты берілген көрсеткіштерді ескере отырып немесе тұтынушының жеке қызмет көрсету орталықтарына жүгіну дерегі бойынша өзгерістер енгізілген кезде (тұратындар санының өзгеруіне, жылытылатын алаңның өзгеруіне байланысты) өзгеруі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, жылу беру және ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін төлем есептік айдан кейінгі айдың 25-не дейін жүргізілуі керек.