Құрметті тұтынушы!

07.09.2023

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі- «ӨЖЖ» АҚ) жылумен жабдықтауға қосу/ажыратудың барлық мәселелері «ӨЖЖ» АҚ-мен келісілуі тиіс екенін еске салады. Жыл сайынғы жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін тұтынушының жылу тұтыну жүйелерінің кез келгені ажыратылған   басқарудың жылу торабында қажетті бекіту арматурасы жабылады және пломбыланады, ажырату дерегі тиісті екіжақты актімен тіркеледі, пломбалар тұтынушыға сақталуға тапсырылады. Пломбаларды өз бетінше үзуге/зақымдауға тыйым салынады. Пломбалардың болмауы немесе бүліну дерегі жылу тұтыну жүйелерін өз бетінше қосу әрекетіне теңестіріледі.

Өз бетінше қосылу дерегі анықталған жағдайда (бекіту арматурасының пломбасын үзу/зақымдау, жаңа қуаттарды қосу) 18.12.2014 жылғы № 211 жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 38-тармағына сәйкес акт жасалады және жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған Үлгілік шарттың 32-тармағына сәйкес тұтынушы пайдаланған энергия көлемін екі есе мөлшерде қайта есептеу жүргізіледі. Ыстық су бойынша қайта есептеу бір жылдан аспайтын кезеңде, ал жылу беру жүйелері үшін жылыту маусымы басталғаннан бастап немесе пломбалардың сақталуын соңғы тексерген сәттен бастап және өздігінен қосылу дерегі анықталған сәтке дейін жүргізіледі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «ӨЖЖ» АҚ пайдаланылған энергия көлемін екі еселенген мөлшерде қайта есептеуді болдырмау үшін жылумен жабдықтауға өз бетіңізше қосылмауыңызды ескертеді.