Жылыту кезеңі аралығында жылу тұтыну жүйелерінің қанағаттанарлық түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін орындалатын жұмыстардың ең қысқа тізімі.

Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес Өскемен қаласында орталықтан жылумен қамтамасыз етуге қосылған барлық нысаналардағы жылу тұтыну жүйелерінде әрбір жылу беру маусымының басталуы алдында дайындық жұмыстары орындалуы тиіс.

Жұмыстардың ең қысқа тізімі:
1.     Жылу тұтыну жүйесі бойынша:
1)    Су толығымен тұнық болуына дейін жылытудың ішкі жүйесін гидропневматикалық жуу.
2)    Ілмекті және реттеу арматураларды жөндеу, ажыратқыштарда, жылытудың тікқұбырларында, ЫСҚ-де жетіспейтін ілмекті және реттеу арматураларды орнату.
3)    Ілмекті және реттеу арматураларды жөндеу, ажыратқыштарда, жылытудың тікқұбырларында, ЫСҚ-де жетіспейтін ілмекті және реттеу арматураларды орнату.
4)    «Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі – «Ө ЖЖ» АҚ) инспектор-бақылаушысы қатысуымен дроссельді шайбаларды орната отыра элеваторлы тораптардан кейін істен ажыратылған және демонтаждалған кірме жол регистрлерін жалғастырып іске қосу.
5)    Жылытудың ішкі жүйелерін, ЫСҚ жүйелерін және калориферлері бар желдеткіштерді төзімділік пен тығыздыққа сынау.
6)    Құбыр желілерінде жетіспейтін және бұзылған жылулық қаптамаларды қалпына келтіру.

2.            Жылу тұтыну жүйелерін басқару торабында:
1)    Ілмекті және реттеу арматураларды жөндеу, басқару торабында жетіспейтін ілмекті және реттеу арматураларды орнату.
2)    Манометрлерді қосу үшін арматурасы бар келтеқосқыштарды орнату – тура құбыржолында элеваторға дейін және элеватордан кейін, кері құбыржолында элеватордың араластыру желісіне дейін және араластыру желісінен кейін, тексеру мерзімі аяқталмаған манометрлерді пайдалану.
3)    Термометрлерге арналған гильзаларды орнату – тура құбыржолында элеваторға дейін және элеватордан кейін, кері құбыржолында элеватордың араластыру желісіне дейін және араластыру желісінен кейін, ЫСҚ жүйесінің температурасын реттеуіштен кейін, 0,5 диаметрлі құбыржолдарының батыру тереңдігі. Құбыржолдарының диаметірі ≤ 50 мм болған кезде гильзаларды орналастыру жерлерінде кеңейткіш дөңесшелер орнату қажет.
4)    Басқару тораптарында фланцтарда жалғастырғыш келте құбырлары бар, тойтарыс қабырғалары немесе сүзгіштері бар жетіспейтін лайұстайтындарды құру.
5)    Элеваторлы тораптарды, су ысытқыштарды төзімділік пен тығыздыққа сынау.
6)    Басқару тораптары орналастырылған бөлмелерді электр жарықтандыруымен жабдықтау.
7)    Басқару тораптарының бөлмелерін бөгде заттардан тазарту, басқару торабына еркін кіруді қамтамасыз ету.

3.            Жылу жүйелері бойынша:
1)    Тараптардың балансты және пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларында жетіспейтін ілмекті арматура және жылу тасығыш параметрлерін өлшеу нүктесін орнату.
2)    Тараптардың балансты және пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларында ілмекті арматураны жөндеу.
3)    Жылу жүйелерінің ғимараттарға, құрылыстарға төзімділігі мен тығыздығын сынау.
4)    Құбыр желілерінде жетіспейтін және бұзылған жылулық қаптамаларды қалпына келтіру.

4.            Ғимараттың сыртқы контурын жылыту маусымына дайындау: қос қабаттап әйнектеудің, жабатыны бар қос есіктін болуын қамтамасыз ету, панельдердің түйіскен жерлерін тығындау, іргеқабат терезелерін, шатырдағы жайлар мен жабындыларды жылыту, сыртқы суық ауаның үй астындағы жайларға кіруін болдырмау.
5.            Дайындау және орнату нормативтерінің талаптарға сәйкестігіне тексеру: жылыту жүйесіне арналған шүмек диаметірін, мм; «Ө ЖЖ» АҚ инспектірінің қатысуымен екіжақты актіні жасау арқылы ЫСҚ шайба диаметірін, мм.
6.            Бөлмелердің қатты қызып кетуін алдын алу үшін жылытудың тікқұбырларындағы жылыту қондырғыларында жетіспейтін жалғастырғыштар мен реттеуші арматураны қалпына келтіру.
7.            ЫСҚ жүйесінде жылу тасығыштын таралуын реттеу, жылу тасығыш параметрлерінің өзгеруін, жылу тасығыш параметрлерінің бақылауын және т.б. іске асыратын бақылау, басқару және автоматтандыру құралдарын, арматураны, дроссельдік қондырғыны, жетіспейтін жабдықтарды орнату.
8.            Өткен жылыту маусымында тұтынушылардың өтініш материалдары бойынша ЫСҚ және жылыту жүйесінің жұмысындағы кемшіліктерді жою үшін ертеде энергиямен қамтамасыз ететін ұйымы берген техникалық талаптарды орындау қажет.
9.            Үй асты жайларының гидрооқшаулауындағы және жылу жүйелері кірістерінің герметизациясындағы ақауларды анықтау және жою.

Жұмыстардың ең қысқа тізімін құру кезінде төмендегі талаптарды басшылыққа алады:
1.      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидалары»;
2.      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 4 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын (жылу желілерін) тасымалдау және бөлу жүйелерін техникалық пайдалану жөніндегі үлгі нұсқама»;
3.      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының м.а. 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 606 Бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй қорын техникалық пайдалану ережесі»;
4.      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің Төрағасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 3 Бұйрығымен бекітілген «Жылу жүйелері» МАҚН 4.02-02-2004;
5.      ҚР ҚН 4.01-02-2011 «Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры мен кәрізі»;
6.      ҚР ҚЕ 4.02-17-2005 «Жылу пунктілерін жобалау»;
7.      ҚР ЕЖ 4.02-102-2003 «Жабдық пен құбырлардың жылу оқшаулануын жобалау»;
8.      ҚНжЕ 3.05.01-85 «Ішкі санитарлық-техникалық жүйелер».

Жұмыстардың ең қысқа тізімін 25 сәуірден бастап 15 қыркүйекке дейінгі кезеңде орындау ұсынылады.
Қосымша өткен жылыту маусымында анықталған жылу тұтыну жүйелеріндегі ақауларды жою, қабылдау-тапсыру жұмыстарын энергиямен қамтамасыз ететін ұйымның өкіліне көрсете отыра жұмыстарды орындауды қабылдау туралы белгі қойып және «Нысананың жылу энергиясын қабылдауға техникалық дайындығы актісіне» енгізе отыра қабылдау-тапсыру жұмыстарын жүргізу. 
Техникалық нормативтердің жоғарыда келтірілген талаптарын орындау жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріне келіп түсетін жылу энергиясы сапасының сәйкестігін, температуралық кесте мен нормативтер талаптарына сәйкестігін, бөлмелерде орнатылған нормаларға сай келетін температуралық режимді құру мен ұстап туруды қамтамасыз ету мүмкіншілігі болып табылады.