Жылу тұтыну (ЫСҚ, ЖІЖ) жүйелерінің жылу энергиясын қабылдауға даярлығы, техникалық даярлық актісі, оның мазмұны мен толтыру шарттары.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық нормативтердің ережелеріне сүйене отыра техникалық даярлық актісі (бұдан әрі ТДА) жылу тұтыну нысанасының жылу энергиясын қабылдауға техникалық даярлығын анықтайды. ТДА актісіне қысқаша түсініктемелер ДТА мазмұны туралы толық түсінікті алуға жол береді.
ТДА жалпы технологиялық ережелермен біріктірілген бірнеше бөлімдерден тұрады.

1-бөлім. Ұйымдастырушылық – ТДА ережелерінің әрекет ету шектерін көрсетеді, құжаттардың ең қысқа тізімін ((ЖІЖ) жылытудың ішкі жүйесінің, (ЫСҚ) ыстық сумен қмтамасыз ету жүйесінің сызбалары, жылыту құрылғыларының қосылу сызбалары, реттеуші құрылғылар (шайбалар, реттеуші арматура, олардың жұмыс істеу параметрлері: қысым, температура) туралы мәліметтер) анықтайды. 

2-бөлім. Техникалық талаптар – оларды орындау нысананың төмендегілер бойынша жылу энергиясын қабылдауға техникалық даярлығын құрастырады:
- басқарудың жылу тораптарының, ЖІЖ, ЫСҚ ілмекті, реттеуші арматуралар түрлерінің, маркаларының, оның тығыздығы мен жарамдылығының нормативтерге сәйкесігі.
Басқару тораптарының, жылыту (ЖІЖ), ыстық сумен қамтамасыз ету (ЫСҚ) жүйелерінің даярлығы:
- басқару тораптарының кірістерінде ернемек арқылы және пісірілген жалғастыруларда болат арматура орнату;
- жасалуы нормативтердің талаптарына сәйкес өңделген дроссельдік құрылғылар (шүмектер, шайбалар) орнату;
- нормативтердің талаптарына сәйкес лайұстарлардың болуы (тереңдігі 500 мм-ден кем емес, лайұстарлардың диаметірі – олар орнатылған құбыржолдарының 3-нен кем емес диаметр);
- температураны реттеушіні орнату (ЫСҚ басқару торабында);
- қысымды реттеушіні орнату (ЫСҚ басқару торабында, 6.0 кгс/см² аса қысыммен);
- дәлдік класы 1,5-тен кем емес, циферблат диаметірі 100 мм-ден кем емес манометрлердің (тексеру мерзімі жарамды), сонымен қатар 0º- 150º С, 0-100º С термометрлердің болуы;
- басқару тораптарын қысыммен тексеру (10 минут аралығында бітеуіштері жоқ жабық ілмекті арматураға қысым түспегенде (манометр бойынша) 10 кгс/ см² қысыммен төзімділік пен тыңыздықты тексеру);
- ЫСҚ жүйелерінің тарату құбыр желілерін қысыммен тексеру (10 кгс/ см² қысыммен, егер ЫСҚ-де қысым реттеуіші болмаса).

3-бөлім. 3.1-3.4 т. ЖІЖ, ЫСҚ қанағаттанарлық жұмысын қамтамасыз ететін техникалық талаптар мен жұмыстардың тізімі:
- жылытудың ішкі жүйесін (ЖІЖ) қысыммен тексеру, 7,5 кгс/см² қысыммен;  
- жылу жүйесін қысыммен тексеру (егер баланста болса), 13,2 кгс/см² қысыммен;
- тік және көлденең реттеуді жүргізу мүмкіншілігін қамтамасыз ету; реттеуші арматураны орнату;        
- жылыту жүйелерінің сызбасын, жылыту қондырғыларының қуатын және олардың жоба құжаттамасына сәйкес қосылу сызбаларын келтіру;
- жылыту жүйесін судың көп мөлшерімен гидравликалық жуу, немесе гидропневматкалық жуу,
- гидравликалық жуу, жылыту қондырғыларын тазарту;
- жылыту жүйелерінің жұмысына тұтынушылар наразылық білдірген жылыту жүйелерін жарамдылық эффектісіне сынау (назар аударуыңызға өтініш).
- ЫСҚ жүйелерін жуу. Қажеттілік ПИК, КДМ, ЖШС, ЖК және басқалардың жылу шаруашылығына жауапты тұлғасымен анықталады. (ЫСҚ жүйелерінде құбыр желілерін ауыстыру арқылы жөндеу жұмыстарнан кейін, ЫСҚ жүйелеріне жеткізуші құбыр желілерін жөндеу жұмыстарнан кейін жуу міндетті түрде қажет).

4-бөлімде жылу энергиясының нормадан тыс шығындарының болмауы анықталады, атап айтқанда:
- жылумен тұтыну және жылуды қамтамасыз ету жүйелері құбыржолдарының жылулық қаптамасы мен қорғаушы-жабын қабатының нормативтер талаптарына сәйкестігі;
- жер асты жайларының жарамдылығы, гидрооқшауларда, жылу жүйелері кірістерінің бітеулерінде бұзушылықтардың, зақымданулардың болмауы;
- нысаналар контуры жылытуының нормативтер талаптарына сәйкестігі: кіреберістерді қос қабаттап әйнектеу, төлелердегі саңылауларды бітеу, үй төбесіндегі терезелерді жөндеу, панельдердің тігістерін жауып бекітуді жөндеу, басқалары;
- құбыржолдардың және қосылыстардың бұрандалы қосылыстары, тат басқан жерлері, басқа да аймақтары мен бөлшектері арқылы ағулардың (тамшылардың) болмауы.
«Ө ЖЖ» АҚ инспекторы нысананың жылу шаруашылығына жауапты тұлғасынан орындалған жұмыстарды қабылдау туралы белгі қою арқылы ТДА толтырады.

№1 Қосымша Техникалық даярлық актісі.

Татумбетова С каз 14.11 6 пункт КАЗ_page-0001.jpg

Татумбетова С каз 14.11 6 пункт КАЗ_page-0002.jpg