Жылыту кезеңінің басталуы, қосу кезегін орнату тәртібі.

Біздің өңірдің климаттық жағдайларына байланысты жылына бірнеше айлар ішінде көп пәтерлі тұрғын үйлер мен пәтерлерде жылусыз отыруға болмайды. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің орталықтандырылған жүйелері сапалы және уақытында қызмет көрсетуді қажет етеді. 2018 жылы бұндай үрдістер ерекше болып табылмайды. Жылу энергиясы тұтынушыларының мұқият дайындалуына тек қана жазғы кезең және маусым арасындағы қысқа уақыт аралығы ғана бар. Әрбір үйге қай уақытта жылу қосылуы дайындық процесін қалай жүргізуіне байланысты болады.  
Іс жүзінде Өскемен қаласының әрбір тұрғыны жылу беру маусымы уақытында басталатынына сенімді болғысы келеді, өйткені жылуды қосу анық жазылған нормаларға сәйкес орындалуы тиіс. 2018-2019 жылдардың жылу беру маусымы кез-келген өткен жылдардағы жылу беру маусымы сияқты бір күнде басталмайтынын атап өту қажет пе? Көптеген тұрғындар қашан, қай үй жылу беруге қосылады деген сұрақты жиі қояды.
Қолданыстағы рәсімдерді ескере отыра құбыр желілері арқылы жылу тасығышты әрбір үйге жеткізуді бастамас бұрын жүйені әрі қарай пайдалануға жарамдылығы мен даярлығын тексеру қажет. Осындай міндеттерді іске асыру үшін жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін бірден, көктемнен бастап жылу шаруашылығына жауапты тұлғалар жылуды тұтыну жүйелерінің аса осал аймақтарына ерекше көңіл бөле отыра сол жүйелерді тексеруі, сонымен қатар сынау және жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Көп пәтерлі тұрғын үйдің техникалық даярлығын анықтау – жылу шаруашылығына жауапты тұлғалардың алдында тұрған келер жылу беру маусымында жылуды тұтыну жүйелерінің апатсыз тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін негізгі мәселелердің бірі.
3 тәулік бойы сыртқы ауаның орташатәуліктік температурасы плюс 10 градусты құраған кезде және сыртқы ауаның температурасының нормативті-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды жылытуды талап ететін аралықта одан әрі тұрақты төмендеуі болжанса, жергілікті атқарушы орган «Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі «Ө ЖЖ» АҚ) орталықтан жылумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылған Өскемен қаласының нысаналарында жылу беру маусымының басталуы туралы шешім қабылдайды.
Тұтынушылардың жылу жүйелерін қосу техникалық даярлық актісімен белгіленген жылуды тұтыну қондырғыларының жылу энергиясын қабылдауға толық техникалық даярлығы бар кезінде ғана жүргізіледі. Жылуды қабылдауға дайын нысаналардың жылыту жүйелерін іске қосу жылу беру маусымы басталуы туралы Бұйрықтың әрекет ету кезеңінде қосу кестесіне сәйкес орындалады. Әдеттегідей, бұл 4-5 күндер аралығында іске асырылады. Жылу жүйелерін орталықтан жылумен қамтамасыз етуге қосу кестесі келер жылу беру маусымына дайындық бойынша жұмыстардың дайындық түрлері аяқталу мерзімдері туралы мәліметтер және техникалық даярлық актісі рәсімделу негізінде құрастырылады. Жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ құралымен жабдықталған көп пәтерлі тұрғын үйлер орталықтан жылумен қамтамасыз етуге қосу үшін тұтынушылардың бөлек санаты болып табылады. Есептеу құралы болған кезде жылу шаруашылығына жауапты тұлға мен тұрғындардың жылыту кезеңінің ұзақтығын реттеу, яғни жылу беру маусымы басталу туралы Бұйрықты хабарлағанға дейін жылу жүйесін қосу және сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу беру маусымының аяқталуы бойынша жылу жүйесін өшіру мүмкіншілігі бар.
№3, 4, 6, 7, 9 Қазандықтарды іске қосу және осы Қазандықтарға қосылған жылу жүйелерін іске қосу Қазандықтардың минималды-рұқсат етілген жүктемені қамтамасыз ететін жылу тұтыну нысаналарының даярлығына қарай орындалады.
Тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғыларын орталықтан жылумен қамтамасыз етуге қосқаннан кейін тез арада жылу тасығыштың барлық тармақтар мен тікқұбырлар бойымен біркелкі таралуы үшін жылытудың ішкі жүйелері бойынша көлденең және тік реттеуді жүргізу қажет.
Жылу беру маусымы басталу туралы Бұйрықтың әрекет ету кезеңінде көп пәтерлі тұрғын үйлерді қоспау техникалық даярлықтың жоқтығын білдіреді. Бұдан әрі қосу тек қана жұмыстардың барлық қажетті түрлерін өткізгеннен кейін және техникалық даярлық актісін алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Жылытуды қосу мерзімдерін созуға мүлдем рұқсат етілмейді. Уақытында қоспау кезінде төмен температуралар жүйелерінің қатуының себебі болуы мүмкін, бұл болашақта аса ауыр зардаптарға әкеліп соғады.
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің дайындығын және 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымында қосу кестесін әрбір тұрғын өз бетімен ukteplo.kz сайтында Тұтынушыларға – Жылу беру маусымына дайындық парақшасында қадағалап тұра алады. Әрбір көп пәтерлі тұрғын үйді бөлек алғанда жылу беру маусымына дайындығына қатысты мәселелерді жылу шаруашылығына жауапты тұлғаларға, атап айтқанда көп пәтерлі тұрғын үйлерді қызмет етін ПИК, КДМ жолдау қажет.