Қаланы жылумен қамтамасыз ету шекарасы және жылумен қамтамасыз ету көзі бойынша ақпарат

16.04.2018

Өскемен қ. жеке тұтынушылары, айтарлықтай тұрынушылары бар шағын аудандарға қызмет ететін бірнеше ірі жылу көзі және шағын қазандықтары бар. Сонмен қатар, қаламызда жылу энергиясын өндіретін кейбір мекемелермен бірге, шағын және орта бизнес кәсіпорындары қызмет атқарады, атап айтқанда, «Шығыс сүт» ЖШС, ОВ-156/2 мекемесі және басқалар. Әжептәуір қала тұтынушылары пешпен жылытуды қолданып, басқа да балама жылу көздерін пайдаланады.

         Согра шағ. ауданын жылумен қамту Согра ЖЭО қамтамасыз етіледі. Жергілікті жылумен қамту көзі Жаңа Ахмер шағ.ауданында бар. Бұл объектілермен қаланың жылу жүйелерінің технологиялық байланысы жоқ.

Өскемен қаласының тұтынушыларының басым бөлігін жылумен қамтамазыз ету аса ірі жылу көзі «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нен алынады (ары қарай- «Өскемен ЖЭО» ЖШС) иелік қуаты Q = 815 Гкал/с.

Жылу жүйелеріне жылутасымалдаушы ыстық су болып табылады. «Өскемен ЖЭО» ЖШС өндіретін жылу энергиясы қаланың орталық бөлігін, «Защита» шағ.ауд., «Прохладный» шағ. аудандарын жылумен қамтиды. «Карабах», Сәтпаев даң. жұп жағында орналасқан үйлерді және маңындағы көшелерді қамтамасыз етеді.

№ 2-ші қазандық «Өскемен жылу жүйелері » АҚ (ары қарай- «ӨЖЖ» АҚ) теңгерімінде, иелік қуаты Q= 133,85 Гкал/с, Сәтпаев даң.тақ жағында орналасқан үйлерді және маңындағы көшелерді, 19 тұрғын аудан, Куленов ат. а. және Үлбі а. жылытады.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС және № 2-ші қазандықтың жылумен қамту көзінің жұмысының сұлбасы бірлескен. Жайларды жылыту кезеңі 7 ай, ал ыстық суды беру жыл бойын жүргізіледі.

Жоғарыда аталған жылу көзінен басқа «ӨЖЖ» АҚ тағыда шағын жылу көздері бар:

1.     № 3-ші қазандық, иелік қуаты Q= 41,76 Гкал/с, Гкал/с- «Аблакетка» а., «Промбаза» шағ. ауданы тұтынушыларын жылумен қамтиды;

2.     № 4-ші қазандық, иелік қуаты Q= 6,31 Гкал/с, «Аэропорт» шағ. ауданының тұтынушыларын жылумен қамтиды;

3.     № 6-шы қазандық, иелік қуаты Q= 3,66 Гкал/с, № 7-ші қазандық, иелік қуаты Q= 2,92 Гкал/с, «Меновное» а. (Племстанция) тұтынушыларын жылумен қамтиды;

4.     № 9-шы Электрқазандығы, иелік қуаты Q= 1,91 Гкал/с «Аварийный» (ГЭС), тұтынушыларын жылумен қамтиды;

Осы уақыттағы барлық жылу жүйелері қаланың негізі бөлігіне қызмет көрсетеді. Үлбі, Октябрьск, Сол жағалау аудандарындағы ыстық сумен қамту орталық жылумен қамтуда ашық тәсілмен іске асырылады. Бірақ, кейбір объектілерде жабық тәсілмен (су суық суға арналған құбырлардан алынып, жылу алмасу аппараты арқылы қажетті температураға дейін, жылу тасымалдағышпен жылытылады) іске асырылады. Жылу алмасу аппараты (жиі орталық) жеке жылу пунктінде орналастырылады (мысалы Аблакетка а.). Қаланы жылумен қамту жүйесінде «Өскемен ЖЭО» ЖШС және № 2-ші қазандықпен бірлескен 15 сорғы станцалары қызмет жасауда. «ӨЖЖ» АҚ теңгеріміндегі жылу жүйесінің ұзындығы 376,268 км. «ӨЖЖ» АҚ басымдық мақсаты жоғарғы үнемділік арқасында тұтынушылардың қанағаттандырылуды жоғарлату, өнідіру сенімділігі, қоршаған ортаны қолайлы сақтау және қауіпсіз жұмысты орындау. Жылу энергиясын тасымалдауға шарт «ӨЖЖ» АҚ және тұтынушы арасында жасалынады. «ӨЖЖ» АҚ өз кезегінде «Өскемен ЖЭО» ЖШС –мен жылу энергиясын (тауарды) сатып алуға шарт жасайды. Өскемен қаласының тұрғындары үшін «ӨЖЖ» АҚ кіші қазандықтары жылына 149 846 мың Гакл көлемінде жылу өндіріп, жылына 2 011 183 мың Гкал Өскемен ЖЭО» ЖШС жылу алады. Сорғы станцаларындағы негізгі жабдық уақыт ағымына қарай жаңартылады және қайта құрылады. Жылу желілеріндегі орталықтан жылумен қамту жүйелеріндегі маңызды элементтердің бірі капиталдық және ағымдағы жөндеулер.

Осы күнде 2016-2017 ж.ж. «Нұрлы жол» қалалардың инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар аяқталған.

1.     №2-ші қазандықтан Өскемен қаласының 19-тұрғын ауданына дейінгі жылу желісінің құрылысы, бұл объектілердің гидравликалық тәртібін жақсартуға әкелді.

2.     Өскемен қаласындағы Защита шағ. ауд. Лениногорская к., 1А бойында орналасқан сорғыш бекеттін қайта жаңғырту. Жобаны іске асыру нәтижесінде жабдықтарды ауыстру жүргізілді, ауыстыру барысында жылутасымалдаушы параметірлеріне оңтайлы әсер етті.

3.     Өскемен қаласының Үлбі ауылын жылумен қамту, нәтижесінде жеке үйлер тұтынушыларында орталықтандырылған жылумен қамтуға қосылу мүмкіндігі пайда болды.

ҚР Үкіметі және Европаның Жаңғырту және Даму Банкiмен (ары қарай- ЕЖЖБ) бірлесіп қаржыландыруы «Өскемен қаласын жылумен қамту жүйесін жаңарту» жобасы шеңберінде, «ӨЖЖ» АҚ-да 2018 жылдан бастап 2020 жыл бойынша шараларды іске асыру жоспарлануда. Іске асырылатын шаралар:

1.     Магистралдық жылу желілерін қайта құру (350-700 м диаметрлі 2225 м зауыт жағдайларында оқшауланған ППУ құбырын пайдаланып жылу желілерін ауыстыру).

2.     Меновной а. орталықтандырылған жылумен қамтуға (№6 және №7 қазандықтың жабылуы, 150-300 мм диаметрлі 5159 м жаңа желі құрлысы, бірнеше көшелердің қиылысымен шектелген бөлігін қайта құру, орталық жылу пунктінің құрлысы).

3.     Электрменжабдықтау жүйесін және сорғы станцасын автоматтандыруды жаңалау, жылу пунктін (20 сорғы станцасында және жылу пунктінде электрменжабдықтауды жаңалау, бұл сорғы станцаларын бір пункт арқылы басқаруға мүмкіндік береді).

4.      Арнайы техника және автокөлік сатып алу.

Тұтынушылар тарабынан автоматтық жылу тарату жүйесін реттеу кеңінен таралмаған, сондай-ақ, көпшілік ғимараттарды жылу радиаторына жеке термостатикалық реттеуде орнатылмаған. Пайдалануға берілген және жабдықтары автоматқа сәйкес тек жаңа құрылыс ғимараттарын алуға болады (бірақ барлығы емес). Өкінішке орай, осындай жүйелерді жобалау және орнату кезінде бұзулар бар, бұл өз алдына болашақта пайдалануда қыйындықтар тудыруда. Бұл жүйелердің қажеттілігінің бірі, бұл қызмет көрсетуші ұйымдарда, ПИК, ЖБК білікті мамандардың дайындығы, сондай-ақ, қатардағы тұтынушылардың осы жүйелердің артықшылығы және құндылығы туралы ақпараттық компаниялардың қажеттілігінде.