ЖІЖ, ЫСҚ жүйелерін сынау түрлері, іске асыру технологиялары, жүйелердің техникалық күйінің нормативтер талаптарына сәйкестігін бағалау

Жылытудың ішкі жүйелерін (бұдан әрі ЖІЖ), ыстық сумен қамтамасыз ету (бұдан әрі ЫСҚ) жүйелерін механикалық төзімділікке және гидравликалық тығыздыққа, жылу тасығыштың максималды температурасына сынауды жүргізу мақсаты құбыр желілерінің, арматура мен жылыту құрылғыларының пайдалану төзімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес механикалық төзімділікке және гидравликалық тығыздыққа сынауды жүргізу технологиясы жылу тұтыну жүйелерінде жоғары сыналатын қысымды орнатуды және ұстап тұруды қарастырады.

Жылытудың ішкі жүйелерін (бұдан әрі – ЖІЖ) сынауға арналған жоғары сыналатын қысым — 7,5 кгс/см2 .
Сыналатын қысым 5 минут аралығында ұсталып тұрады, осы кезде қысымның төмендеу шегі 0,2 кгс/см2 құрайды. Жол берілмейтін ақаулар:
•    пісіру, ернемелі түйіскен жерлерде, бұрандалы қосылыстарда тамшылардың болуы;
•    5 минут аралығында қысмның 0,2 кгс/см2 артық мөлшерде төмендеуі.
Ыстық сумен қамтамасыз ету (бұдан әрі – ЫСҚ) жүйесін сынауға арналған жоғары сыналатын қысым:
1)     сутаратушы жабдыққа дейінгі тікқұбыр үшін — 6,0 кгс/см2.
2)     қысымды реттеуші болмаған кезде ЫСҚ таратқыш құбыр желілері үшін — 10,0 кгс/см2.
З) қысымды реттеуші бар ЫСҚ таратқыш құбыр желілері үшін — 6,0 кгс/см2.
Сыналатын қысым 10 минут аралығында ұсталып тұрады, осы кезде қысымның төмендеу шегі 0,5 кгс/см2 құрайды. Жол берілмейтін ақаулар:
•    пісіру, ернемелі түйіскен жерлерде, бұрандалы қосылыстарда тамшылардың болуы;
•    10 минут аралығында қысмның 0,5 кгс/см2 артық мөлшерде төмендеуі.
Қысымның рұқсат етілген мөлшерде немесе аз көрсетілген мөлшерде төмендеуі кезінде ақаулардың болуы оларды жою және сынауларды қайта жүргізу қажеттілігін көрсетеді.
Көп қабатты тұрғын үйлердің жылыту жүйелері жылу тасығыштың максималды температураға сынауда қатысады. Жылытудың бір құбырлы жүйелері үшін жылыту жүйелеріне келіп түсетін жылу тасығыш температурасының максималды мәні жеткізуші құбыржолында 105 0 С мәнімен шектелген.   
ЖІЖ және ЫСҚ жүйелері иелерінің сынауларда қатысуы төмендегімен шектеледі:
1)      жылыту жүйелерінің техникалық күйін бақылау;
2)      ЖІЖ және ЫСҚ жүйелеріндегі мүмкін болатын ақауларды жедел жою.
Сынауға дайындық кезінде және жылу тасығыштың максималды температураға сынауды бастар алдында сынауға қатысатын нысаналардың жылу шаруашылығына жауапты тұлғаларға сынау барысында іс-әрекеттер тәртібі туралы жазбаша нұсқаулар беріледі.
ЖІЖ және ЫСҚ жүйелерінің гидравликалық сипаттамаларын жақсартуға жуу арқылы жетуге болады. ЖІЖ және ЫСҚ жүйелерін жуудың екі түрі болады:
1)   жүйелерге жуатын суды көп мөлшерде жіберу арқылы гидравликалық. Көп мөлшерде суды жіберу элеватордың стақаны мен ауыспалы бұрағышты алып тастау арқылы немесе басқарудың жылу торабының жеткізуші құбыржолында арнайы жуғыш келтеқұбырмен орындалады (1-суретті қараңыз).

1-сурет – Гидравликалық жууға арналған торап сызбасы.

10.jpg

2)    сығылған ауаны (гидропневматикалық) қолдану арқылы гидравликалық – жүйелерге су-ауалы қоспаны жіберу арқылы. Жуу ЫСҚ тікқұбырларына қысымдары бірдей су мен ауаны біруақытта жіберу арқылы орындалады (2-суретті қараңыз). 

2-сурет – Гидропневматикалық жууға арналған торап сызбасы.

11.jpg

Бес қабатты ғимарат үшін су-ауалы қоспасына жеткілікті қысым мөлшері – 2,0 кгс/см2

Тоғыз қабатты ғимарат үшін су-ауалы қоспасына жеткілікті қысым мөлшері – 3,0 - 3,5 кгс/см2.
Жуудың аяқталуы жуып-шайылатын жылыту тікқұбырынан шығарылатын судың тазалығымен анықталады.
ЫСҚ жүйесін жуу құбыржолдары аймақтарын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда орындалады.
ЖІЖ мен ЫСҚ техникалық күйін нормативтер талаптарына бағалау.
Техникалық күйді бағалау әділ түрде келесі белгілер бойынша қойылады:
1) нысанада қызмет ететін пайдалану қызметкерлерімен реттеу және жөнге салатын жұмыстарды орындау нәтижелері:
•     тік реттеу, оны орындау кезінде тікқұбырдың біреуіне қосылған бөлмелердің ішкі ауасының температурасы 20 С аспайтын температураға өзгеше болады;
•     көлденең реттеу, оны орындау кезінде жылыту жүйесінің іргелес қарсы тікқұбырдағы температура 20 С аспайтын температураға өзгеше болады.
2) Жөндеу жұмыстарын орындау нәтижелері:
•            нығыздауыштарды (паранитті төсеулер, тығыздауыштар, бұрандалы байланыстардағы орамдар) ауыстыра отырып бұрандалы байланыстарды, ернемек арқылы жалғастыруларды, муфталық жалғамаларды жөндеу;
•            қысыммен тұрған ЖІЖ және ЫСҚ жүйелерінің элементтерінде су ағуларының болмауы.
ЖІЖ, ЫСҚ жүйелерінің және нысаналардың техникалық күйін толық бағалау жалпы түрде көрсетілген жұмыстардың әрбір түрін орындау және қабылдауды растап, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ өкілі техникалық даярлық актісінде өзінің қолын қою арқылы сол актідегі көрсетілген мәліметтер бойынша анықталады.