Тендер нысанындағы қайталама сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыру

28.03.2024

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ келесі мүлікті сатуға арналған тендер нысанында қайталама сауда-саттық жариялайды:

 


п/п

Нысанның атауы

Минималды сату бағасы, теңге

1

автокран МАЗ 5334 КС-3562Б гос.№ F324DK

1 799 000

2

экскаватор ЭО-2621 гос. № ABD509F

1 376 000


 

2. Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу орны: Өскемен қ., Рабочая к., 6/1, ЖПБ ғимараты каб. № 1 2024 жылғы «04» сәуір сағат 16.00-ге дейін. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және 2024 жылғы «04» сәуір сағат 16.00-де аяқталады. Ұсыныстарды беру мерзімін бұзу әрекеті ұсынысты беру мерзімін бұзған тұлғаны тендерге қатысушылар қатарынан шығаруға әкеп соғады.

3. Тендер өткізу күні, орны және уақыты: Өскемен қ., М. Горький к., 61, конференц-зал 2024ж. «05» сәуір сағат 10.00.сағ.

4. Саудаластықтың нысаны мен әдісі – тендер, сату нысанын сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсынысты Сатып алушы жабық конвертте береді;

5. Тендерге қатысушылардың кепілдік жарнасы лот сомасының 1%-ын құрайды және «Өскемен жылу жүйелері» АҚ кассасына қолма-қол ақшамен жеке лотқа енгізіледі немесе «Өскемен жылу жүйелері» АҚ банк шотында орналастырылады: ЖСК KZ6494809KZT22031742 Өскемен қаласының «Еуразиялық банк» АҚ-да БСК EURIKZKA, БСН 970340000020.

Кепілдік жарнаны Сатушы төмендегі жағдайда қайтармайды:

- Жеңімпазға - ол саудаластық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан немесе сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;

- Сатып алушыға - сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісті орындалмағанда.

6. Сатушының орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 61, тел. / факс +7 (7232) 269543.

7. Сату нысаны және тендер өткізу тәртібі туралы ақпарат алу тәсілдері: ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:701-722 ішкі н. 4430, 21-63-74 «ӨЖЖ» АҚ МжКҚ бастығы Светличный Н.Н.

8. Саудаластықты өткізу тәртібі, оның ішінде саудаластықта қатысуды ресімдеу, саудаластықтың жеңімпазын белгілеу шарттары туралы: тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегілерді ұсыну қажет:

- тендерге қатысуға өтінім. Өтінім нысанын хабарландырудың 7-тармағында көрсетілген тұлғадан алуға болады.;

- төлқұжат немесе өзге жеке басты куәландыратын құжат (ЖСН);

- өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

- сату нысанын сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсыныс (жабық конвертте беріледі);

- кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын құжат;

- байланыс мәліметтері (пошта мекенжайы, телефон, факс, эл. пошта)

Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары қосымша заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің немесе тіркелген заңды тұлға туралы анықтаманың (БСН) көшірмесін ұсынады.

Комиссия ұсынысы сату нысаны үшін ең жоғары бағаны көрсететін қатысушыны тендердің жеңімпазы деп жариялайды. Егер екі және одан көп қатысушылардың ұсыныстарында бірдей баға көрсетілсе, онда өтінімін басқа қатысушылардың өтінімдерінен бұрын берген, ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны көрсететін және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады. Комиссия тендердің қорытындысын коммерциялық ұсынысы бар конверттер ашылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шығарады. Тендер нәтижелері тендер нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы және тендер аяқталғаннан кейін комиссияның барлық мүшелері және саудаластық өткізілетін күні жеңімпаз қол қояды.

Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату нысанын сатып алу-сату шартын жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Жеңімпаз тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей сатып алу-сату шартын жасасуға міндетті.