2024-2025 жылу беру маусымының басталуы жөніндегі баспасөз-ақпарат

26.09.2024

Өскемен қаласы әкімі орынбасарының шығ. № 1263ШН-4/329 хаты негізінде «Шығыс Жылу» АҚ-ның «2024-2025 жылғы жылу беру маусымының 2024 жылғы 26 қыркүйектен басталуы туралы» 25.09.2024 жылғы № 335 бұйрығы бекітілді.
Кәсіпорынның күзгі-қысқы кезеңнің жұмысына дайындық паспорты 13 қыркүйекте алынды.
Қатты отын қоры 2024 жылдың 25 қыркүйегі 17 580 тоннаны құрайды, бұл көрсеткіш нормативтік қордың 31 тәулігіне сәйкес келеді.
Жылу жүйесін қосу, өткен жылдары сияқты, жылу тұтыну нысандарының техникалық дайындығы есепке алынып, 2024 жылғы 26 қыркүйектен бастап 3 күн барысында кезең-кезеңмен жүргізіледі.
Техникалық дайындығын растайтын Төлқұжаты жоқ нысандар дайындық жұмыстарының барлық түрлерін тапсырғаннан кейін ғана жылуға қосылады
Жылу жүйесін қосу күндері туралы ақпаратты төменгі көздерден көруге болады:
Кәсіпорынның ukteplo.kz сайтында ТҰТЫНУШЫЛАР деген бөлімге кірген соң ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ дегенді таңдап, өз көшеңіздің атауын енгізу қажет.
Егер үй 100% көлемде дайын болса, онда «26.09.2024-28.09.2024 мерзімі аралығында жылуға қосылады» деген жазу көрсетіледі.
Егер үй дайын болмаса, онда «Техникалық дайындық құжаты алынған кезде  жылуға қосылады» деген жазу көрсетіледі. 
Үйдің дайындық пайызын төменгі көздерден көруге болады:
• ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинет 
• «Шығыс Жылу» мобильді қосымшасы
• +7 747 427 40 22 нөмірі бойынша WhatsApp чат-боты
• @UKTSbot Telegram чат-боты 

24.09.2024 жылы мерзіміне төмендегі жылу энергиясын есепке алу аспабы және Дайындық актісі бар нысандар жылу жүйесіне қосылды:
• Тұрғын үйлер (көп пәтерлі): 116
• Тұрғын үйлер (жеке сектор): 301
• Мектептер, балабақшалар және т.б. балаларға арналған мекемелер: 53
• Медициналық мекемелер: 29
• Әкімшілік және оларға теңестірілген мекемелер: 49
• Әлеуметтік нысандар: 12
Алдағы жылу беру маусымына техникалық дайындықтың болмауының негізгі себептері:
• Дайындық жұмыстарының тиісті уақытында орындалмауы
• Қызмет көрсетуші жұмысшылардың жеткілікті біліктілігінің болмауы
• Жөндеу жұмыстарының тиісті сапасының болмауы
• Жыл сайын орындалатын жөндеу жұмыстары көлемінің жеткіліксіздігі