Н.Назарбаев д. жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары бойынша

15.07.2020

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ Н. Назарбаев даңғылының жүру жолында орналасқан жылу камераларын жоспарлы жөндеуге байланысты 20.07.2020 ж. бастап 30.08.2020 ж. дейін Н.Назарбаев даңғылының 2-ден 14 үйге дейін автокөлік қозғалысы шектелетінін хабарлайды.

Жұмыс жасау барысында көлік қозғалысы Н. Назарбаев данғылының тақ санды жағымен ұйымдастырылатын болады. Сіздерден уақытша шектеулер мен қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.