Коммуналдық қызметтердің құнын өтеу

15.06.2020

ҚР Президентінің 16.03.2020 ж. № 286 «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» жарлығына сәйкес, 21.04.2020 ж. - 28.05.2020 ж. аралығында ақпараттық орталықтар немесе call-орталықтар арқылы өтініш берген белгілі санаттағы азаматтарға 2020 ж. сәуір және мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтердің құнын өтеу есептелді.
Жылу энергиясы бойынша өтемақы құнының сомасы мамыр айындағы есеп айырысу парағында «мамыр айындағы төлем» бағанасында көрсетілген.
Жылу энергиясы үшін қызмет ақысын төлеу шотын кәсіпорынның www.ukteplo.kz «тұтынушыларға» қойындысында «шот бойынша ақпарат» сайтынан алуға болады.